Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Нұрлан Ноғаев жаңа қызметке тағайындалды
8,680
оқылды

Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Нұрлан Ноғаев  жаңа қызметке тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Ноғаев Нұрлан Асқарұлы 1967 жылы 30 шілдеде Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласында дүниеге келген. 1993 жылы И.Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай және газ академиясын тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірді. 1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша және 2006 жылы РФ СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (Университет) іскерлік әкімшілік магистрін бітірді.

Еңбек жолын Ақтөбе облысы Октябрьск қаласының Қандыағаш стансасында электромонтер болып бастаған.

Мәскеу қаласында мұнай өнімдері жөніндегі аға сарапшы, «Гили-Паскер» ЖШС-ның бөлім бастығы (1993-1995). Алматы қаласында «Отырар Лтд» шағын кәсіпорны бас директорының орынбасары (1995-1996). 

1996-2006 жылдары аралығында маркетинг жөніндегі инженер, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-ның маркетингі, мұнай және мұнай өнімдерін сату бөлімінің бастығы, бас директоры қызметтерін атқарған.

2006 жылғы ақпан-тамыз аралығында «ҚазМұнайГаз «Ұлттық компаниясы» АҚ-ның атқарушы директоры болды. 2006 жылдың тамызынан бастап Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2007 жылдың қыркүйегінен бастап Батыс Қазақстан облысы әкімінің экономика, қаржы және мұнай-газ секторы мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары болды.

2012 жылдың 20 қаңтарында Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. 

2016-2019 жылдары аралығында Атырау облысының әкімі. 

2019 жылғы 18 желтоқсан - 2021 жылғы 7 қыркүйекке дейін Энергетика министрі.

2021 жылы 7 қыркүйекте Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды.

2024 жылы 16 мамырда Президент Жарлығымен Маңғыстау облысының әкімі қызметінен босатылды.