Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қазақстанның Финляндиядағы жаңа елшісі тағайындалды
1,007
оқылды

Қазақстанның Финляндиядағы елшісі лауазымына Азамат Әбдіраимов тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

– Мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Сәбитұлы Әбдіраимов Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды, – делінген хабарламада. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен Жанна Сәбитқызы Сартбаева Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.