«AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған Жол картасы аясында Глубокое кентінде «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасымен 12 отбасына жаңа үйдің кілті табыс етілді.
Жалпы партияның сайлауалды бағдарламасы аясында Глубокое ауданында 2027 жылға дейін 7,2 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған.
«Ауданымыздың тұрғындары қоныс тойларын тойлауда. Бүгінгі таңда ауданымыз бойынша «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Тұрғын үйлердің құрылысының сапасын депутаттар мен қоғамдық кеңестердің өкілдері тексеріп, сапалы жүргізілуіне барынша атсалысты», – дейді Глубокое аудандық мәслихатының төрағасы Алтай Қалиғожин.
Аталған баспаналар бірінші кезекте көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға берілді. Бүгін баспанаға ие болған 12 отбасының бесеуі – көпбалалы, ал қалған жетеуі – әлеуметтік осал топтарға жататын тұрғындар. Тұрғын үйлердің құрылысы басталған сәттен толық аяқталып, қолданысқа берілгенге дейін «AMANAT» партиясының атынан сайланған аудандық мәслихат депутаттары мен партияның аудандық филиалы бірнеше мәрте тексеріп, бақылауда ұстады.
«Өзіміздің баспанамыздың болғанына қуаныштымыз. Мемлекетіміз қашан да көпбалалы отбасыларға көңіл бөлуде. Менің төрт балам бар, бесінші сәбиімізді күтіп жүрміз. Бұйыртса, жаңа баспанада дүниеге келетін болады», – дейді кент тұрғыны көпбалалы ана Әйгерім Сабыржанқызы.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.