Оқыс оқиға республикалық маңызы бар автожолдың 794-шақырымында болған.
«Самара-Шымкент» тасжолында жүк көлігі өртеніп кетті
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
460
оқылды

«Самара-Шымкент» республикалық маңызы бар автожолының 794-шақырымында Хромтау ауданында дәрі-дәрмек тиелген жүк көлігі өртенді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Құтқарушылар күшімен 33 жастағы көлік жүргізушісі құтқарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасының қызметкерлеріне берілді.

Өрт сөндірушілер қоңырау түскен сәттен бастап 32 минут ішінде өртті жойды. Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр. 

ТЖМ ескертеді:

  • Егер өрт қозғалыс кезінде орын алса, жол жиегіне жақындап көлікті тоқтату керек.
  • Қозғалтқышты өшіріп, көлікті қол тежегішіне қою керек.
  • Барлық жолаушыларды салоннан шығарып, құжаттарыңызды алып, өрт туралы 112 нөмеріне хабарлау қажет!