Жөндеу жұмыстары 21 – 30 маусым аралығына жоспарланған.
Астанада "Тәуелсіздік" көпірі ішінара жабылады
913
оқылды

Астанада асфальттың жоғарғы қабатын төсеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты "Тәуелсіздік" көпірі арқылы жолдың бір бағытында қозғалыс жабылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап. 

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 2023 жылдың қазан айында жолдардағы қозғалысты түсіру үшін Есіл өзені арқылы "Тәуелсіздік" көпірінде жол жабынының төменгі қабаты арқылы өту қамтамасыз етілгенін еске салды. Бүгінгі таңда көпірді абаттандыру жалғасуда.

21 – 30 маусым аралығында асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл ретте көлік үшін қозғалыс көпірдің бір жағы бойынша екі бағытта да қамтамасыз етілетін болады.

– Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, – делінген хабарламада. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.