Киберқылмыстық топтың Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің провайдері Synnovis фирмасынан ақша бопсалағаны туралы хабарды BBC News таратты. Aikyn.kz осы хабарламаға сүйеніп киберқылмыстың қаншалықты ауыр зардап келтіргенін бағалайды.NHS провайдері Synnovis фирмасының базасын 3 маусымда бұзғаннан бастап қаскөйлер ақша бопсалауға көшкен. Фото threatpost.com сайтынан алынды
Лондонның бірнеше ауруханасына үлкен зиян келтірген киберқаскөйлер Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің (National Health Service, NHS) құпия деректерін жариялады. NHS провайдері Synnovis фирмасының базасын 3 маусымда бұзғаннан бастап қаскөйлер ақша бопсалауға көшкен.
Қылмыстық топ бұған дейін BBC-ге ақша төленбесе, деректерді жариялайтынын айтқан. Бейсенбіге қараған түні олар өздерінің darknet сайтында және Telegram арнасында 400 ГБ жеке ақпаратты ашық жүктеп қойған.
Бұл деректерде пациенттердің аты-жөні, туған күні, NHS нөмірлері және қан сынамаларының сипаттамалары бар. Сынақ нәтижелері жарияланған ақпараттың ішінде бар-жоғы белгісіз. Хакерлердің Synnovis-тен қанша ақша талап еткені белгісіз. Бірақ қаскөйлер ақша ала алмаған сияқты. Фото britannica.com сайтынан алынды
Synnovis базасының бұзылуы Ұлыбритания жаңа ғасырдағы ең үлкен кибершабуылдардың бірі болды. Хакерлердің Synnovis-тен қанша ақша талап еткені немесе компания келіссөздер жүргізгені белгісіз. Бірақ қаскөйлердің деректерді жариялағаны олардың ақша ала алмағанын білдіреді.
Барлық мемлекеттік құрылымдар мен құқық қорғау органдары бұндай киберқаскөйлерге, террористерге төлем жасамауға шақырады. Себебі бұл қылмыстық әрекеттерді күшейтеді және қылмыскерлер өз уәделерінде тұратынына кепілдік бермейді.
Соңғы жылдары денсаулық сақтау ұйымдары киберқылмыскерлердің нысанасына алынуда. Өйткені хакерлер бұл жерде адамдарға көп зиян келетінін және кейде үлкен төлемдер жасалатынын біледі.
Киберқылмыскерлер ақша қайда болса сол жерге шабуыл жасайды. Өкінішке орай, Біріккен денсаулық тобы (United Health Group) осы жылдың басында 22 миллион доллар хакерлерге төлем төледі деген хабар тараған соң, денсаулық сақтау секторы бұрын-соңды болмаған шабуылды бастан кешіруде.
Хакерлер Ұлыбританияның аты аталмаған соғыстағы ұстанымы үшін жазалау мақсатында Synnovis-ке әдейі шабуыл ұйымдастырылғанын айтқан. Фото pulsetoday.co.uk сайтынан алынды
Сейсенбі күні кешке хакерлер тобы BBC-ге Ұлыбританияның аты аталмаған соғыстағы ұстанымы үшін жазалау мақсатында Synnovis-ке әдейі шабуыл ұйымдастырылғанын айтқан. Ақша бопсалауда үлкен тәжірибе жинаған бұл қылмыстық топ кибершабуылды наразылық ретінде жасағанын мәлімдеген:
«Зардап шеккен адамдарды аяймыз. Сонымен бірге, біз өзімізді кінәлі санамаймыз және бұл жағдайға бізді кінәламауды сұраймыз. Оған өз үкіметіңізді кінәлаңыз».
BBC-дің айтуынша, бұл киберқылмыстық топ Ресейде орналасқан. Хакерлік топтың мәлімдемесінде «Ұлыбритания үкіметі еркін дүниенің алдыңғы шебінде соғысып жатқандардың өміріне бір тиын да салмайды» делінген. Бұл сөздердің Украина мен Ресейдің хакерлеріне бірдей қатысты деп ойлауға негіз бар.
Дегенмен «азаматтарымыз дәрі-дәрмек пен донор қанының жетіспеушілігінен тең емес шайқаста қаза табуда» делінген сөздер украиналық әскерилерді жақтаушыларға көбірек ұқсайтын сияқты.
Бұл қаскөйлік топ «қауіпсіздік мақсатында» өзінің саяси ұстанымы мен географиялық орналасқан жері туралы айтудан бас тартқан.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.