Парапланер спортынан Қытайдан келген спортшыға ТЖМ құтқарушылары көмекке келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жетісу облысында парапланерлік спорттан 1972 жылы туған ҚХР азаматы әлем кубогының жарысында 800 метр таудың биіктігінде бастады.
Спортшы парапланды басқара алмай, құлаған. Құлағанға дейін ол қосалқы парашют ашып үлгерді. Қону кезінде парапланер әртүрлі жарақат алды.
Ер адамды Талдықорғандағы ауруханаға жеткізу үшін құтқарушылар оны 1,5 шақырым жерде «Қазавиақұтқару» тікұшағы қонған жерге дейін жеткізді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.