Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев Тәжікстанның Маджлиси Оли Мад­­жлиси милли төрағасының бірінші орынбасары Раджаббой Ахмадзодамен кездесті.
Сенімге негізделген сындарлы диалог
623
оқылды

Сұх­бат барысында тараптар екі­жақ­ты қарым-қатынастарды және парламентаралық ынтымақтас­тық­ты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

Мәулен Әшімбаев Тәжікстан Қазақ­станның стратегиялық серіктесі және маңыз­ды одақтасы екенін атап өтті. Кез­десуде мемлекет басшыларының жеке достық пен сенімге негізделген байланысы мен сындарлы диалогі осындай тиімді ынтымақтастықтың кепілі екені сөз болды.

Сондай-ақ Сенат Төрағасы екі ел Пар­ламенттерінің палаталары арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның бірінші отырысына назар аударып, оның қорытындысы бойынша қол қойылған Пар­ламентаралық ынтымақтастықты да­мыту жөніндегі Жол картасы аясында өз­ара іс-қимылды арттырудың маңызы зор екенін айтты.

«Елдеріміз арасындағы қарым-қатынас барлық салада қарқынды дамып келеді. Стра­тегиялық байланысымызды одан әрі арттырудың маңызды тетіктерінің бірі парламентаралық ынтымақтастықты нығайту екені анық. Парламенттеріміздің палаталары арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның екінші отырысы барысында белгіленген міндеттер алдағы бірлескен жұмысымызда айрықша мәнге ие. Олар климаттың өзгеруіне қарсы күрес, су ресурстарын тиімді пайдалану және бас­қа да мәселелерде өзара серіктестікті нығайта түседі деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелеріне де назар аударды.

Раджаббой Ахмадзода кездесу үшін Мәулен Әшімбаевқа алғысын білдіріп, ал­дағы уақытта парламентаралық ынты­мақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.

Сонымен қатар сұхбат кезінде тараптар ХХІ ғасырда Орталық Азияны дамыту мақ­сатында достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шарт жөнінде пікір алмасты. Аталған құжат Шолпан-Ата қала­сында өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кезде­суінде келісілген болатын.