Қарағанды қаласына қарасты Пришахтинскіде балалар күнінде жас жеткіншектерге ар­налған, Оқушылар сарайы есігін айқара ашқан еді.
Жас дарындар дараланды
569
оқылды

Ерекше әсемдікпен салынған за­ма­науи ғимаратта жақында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев дарынды оқу­шылармен және түлектермен бейресми кездесу өткізді. Өңір басшысы олардың сұрақ­тарына жауап беріп, шынайы тілегін білдірді.

Басқосуға халықаралық, рес­пуб­­ликалық олимпиадалар мен ғы­лыми жобалардың медаль ие­гер­лері – 58 бала, сондай-ақ олар­­­­дың педагогтері жиналды.

– Сіздерді қол жеткізген та­быс­тарыңызбен құттықтаймын жә­не барлық жақсылықты ті­лей­мін! Біздің болашағымыз сіз­дер­дің қолдарыңызда! Жаңа буын да­­мып келеді және біз ол үшін бар­лық жағдайды жасауға тыры­са­мыз. «Жайлы мектептер» сала­мыз. Оқушылар сарайларын аша­мыз. Сіздерді алда жарқын бо­­лашақ кү­тіп тұрғанына, табыс­қа жететін­деріңізге сенімдімін! – деді Ерма­ғанбет Бөлекпаев.

Балалар аймақ басшысының мек­тепте қалай оқығанын, бос уа­­­­қытын қалай өткізетінін, хоб­биі бар-жоғын сұрап, қызығушы­лық танытты. 

Ермағанбет Бөлекпаев уақы­ты­ның басым бөлігі жұмысқа ке­­те­тінін мойындады. Бірақ со­ған қарамастан ол отбасына көңіл бө­луге тырысатынын, кітап оқи­ты­­нын айтты. Уинстон Черчилль­дің «Екінші дүниежүзілік соғыс» шы­­ғармасын сүйіп оқитынын айт­ты.

Облыс әкімі ұстаздарын еске алып, бүкіл өмірін мектепте бала­лар­­ды оқытуға арнаған анасы ту­ра­­лы әңгімеледі.

– Мен мұғалімдерге үлкен құр­метпен қараймын. Олардың жұ­мысын жақсы білемін. Менің анам 35 жылдан астам өмірін мек­­тепке арнаған, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.

Қатысушылар болашақ жос­парларымен бөлісті.

Мәселен, Қарқаралы ауданы Бе­соба ауылының 11-сынып оқу­шы­сы Айдана Төлеген география пәнінен үздік нәтижелерге қол жет­кізді: республикалық Олим­пиа­даның алтын медалін жеңіп алды. Оның айтуынша, бұл пәнге деген сүйіспеншілік география пәнінің мұғалімі болып қызмет ете­тін әкесінен дарыған болар. Ай­дана «менеджмент және бас­қару» мамандығы бойынша оқуға түсуді жоспарлап отыр.

№30 ЖББОМ түлегі, қараған­ды­лық Ульяна Радионова орыс ті­лі мен әдебиеті бойынша рес­пуб­­ликалық Олимпиаданың кү­міс жүлдегері атанды. Болашақта ол өз өмірін филологиямен бай­ла­ныстырмақшы.

Жеңімпаздар мен жүлдегер­лер­ге ақшалай сертификаттар та­бысталды. Бірінші орын үшін – 200 мың теңге, екінші орын үшін – 150 мың теңге, үшінші орын үшін – 100 мың теңге. Пе­да­­гог­тер­ге алғысхаттар табыс етіл­ді.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ,

Қарағанды облысы