Электромобильдің жанармаймен жүретін автокөліктен айырмашылығы көп.
Алматыда электромобильдер көбейіп жатыр
Колеса
610
оқылды

Еуропа елдері мен АҚШ, Қытай секілді алпауыт мемлекеттер жанармаймен жүретін автокөліктер шығаруды азайтқан. Себебі оларды қуат көзімен жүретін электромобильдермен алмастырған. Мұндай көліктер еліміздің ірі қалаларында да көбейіп келеді, -  деп хабарлайды Aikyn.kz.

 Мамандардың сөзінше, ол қыздыруды да қажет етпейді. Электр көліктері түріне, батареясының сыйымдылығына, қуаттылығына қарай бірнеше топқа бөлінеді. Бір рет қуаттағаннан кейін, электромобильмен кем дегенде 400 шақырым қашықтықты еңсеруге болады. Эколог Азаматхан Әміртай мұндай көліктердің елімізге қажет екенін алға тартты. Оның сөзінше, электромобиль ауадағы зиянды қалдықтардың азаюына едәуір септігін тигізеді.  

– Электр автокөліктерін Қазақстанға алып келуміз керек. Оның зауытын ашуымыз керек, оған арнайы инфрақұрылымдар жасалуы керек. Ол қаланың ауасын тазартуға көмегін береді.  Сол жерде тұратын халықтың денсаулығына әсер береді, – деді  Алматы арнасына эколог Азаматхан Әміртай.