Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовке жарияланған мемлекетаралық іздеу күшін жойды.
Көпшілік орында баласы бар ер адамға шабуылдаған спортшының ісі не болып жатыр?
892
оқылды

2023 жылы шілдеде қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов көпшілік орында баласы бар ер адамға жұдырық ала жүгірген еді.  Kazinform істің мән-жайын Ішкі істер министрлігінен сұрады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бейбіт Шүменовке қатысты Астана қаласы Есіл ауданының Полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізді. 

«Қазіргі уақытта тергеу нәтижесі бойынша және жәбірленушілерден келіп түскен кешірім беру арызы негізінде Бейбіт Шүменовке қатысты қылмыстық іс және қылмыстық қудалау тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 68-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қазаға ұшыратумен байланысты емес және онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса, сондай-ақ келген залалды өтесе, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады»,  делінген агенттік жолдаған сауалдың жауабында. 

Сондай-ақ Ішкі істер министрлігі өзге ақпараттың жария етуге жатпайтынын және тергеу нәтижесімен қылмыстық процеске қатысушылар ғана танысуға құқылы екенін хабарлады.