Әрине, мұның барлығы жарнама үшін.
Димаш Құдайберген неке жүзігін таққан ару кім?
20,551
оқылды

Іnbusiness.kz сайты жазғандай, желі қолданушылары бақытты бейтаныс бойжеткеннің кім екенін тапты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Наталья Петри – Алматы қаласының өткен жылғы сұлулық байқауының жеңімпазы. Абай атындағы ҚазҰПУ-да ғылыми физика мамандығы бойынша оқиды. Мектеп қабырғасынан бері физикамен қоса химия, математика пәндеріне аса қызығушылық танытқан Наталья Петри осы бағытта ұстаздық етуге бел буған. Наталья ұлттық бимен айналысады, қазақ мәдениетін жақсы көреді және қазақ тілінде еркін сөйлейді. Оның әкесі – неміс, анасы – қазақ. Оқумен қатар модель болып жұмыс істеуі бойжеткеннің Димашпен бірге жарнамаға түсуіне сеп болған. Жарнамалар Алматы және Астана қалаларындағы билбордтарда қойыла бастады", – делінген ашық дереккөзде.