Төтенше оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап кетті.
Астананың сол жағалауында биік ғимарат өртке оранды
3,273
оқылды

Осы минуттарда Астана қаласында өрт сөндірушілер Тұран данғылы 37/9 мекенжайында орналасқан ғимаратта шыққан өртті сөндіріп жатқанын мәлімдеді.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда, - деп хабарлайды Aikyn kz.

"Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері шақырудың жоғары рангы бойынша Тұран 37/9 мекенжайына келді. 

Өрт сөндірушілердің келіп жетуі бойынша тұрғын үй кешенінің 26 қабатында сыртқы жабыны өртеніп жатқаны анықталды", - деп жазды ТЖМ-нан.