"Қазгидромет" РМК 23 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, елімізде ауа райы құбылмалы болады.
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Еліміздің батысында нөсер жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл соғады. Республика бойынша жел күшейеді.
Күндіз Абай, Жетісу, Ұлытау, Алматы, Жамбыл облыстарында аптап ыстық сақталады. Павлодар, Қарағанды облыстарында қатты ыстық болады деп болжанып отыр.
Ақтөбе, Алматы облыстарында, Ұлытау өңірінің солтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, Қарағанды өңірінің солтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Ақмола өңірінің оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-шығысында, Маңғыстау өңірінің солтүстігінде, шығысында, Жетісу облысының шығысында, орталығында, Павлодар облысында өрт қаупі жоғары болады. Атырау облысының батысында да өрт қаупі жоғары.
Атырау, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы облыстарының солтүстік бөлігінде, Ұлытау, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе өңірінің батысында, оңтүстігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде және Абай, Жетісу облыстарының шығысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының орталығында төтенше өрт қаупі бар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.