ТЖМ Астанадағы көпқабатты үйден шыққан өрттің алдын ала себебін жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Жалынның алдын ала себебі: отпен жұмыс істеу немесе оттың аз калориялы көздері. Екінші қабаттан 27-қабатқа дейін тұрғын үй кешенінің сыртқы қаптамасы мен жылытқышы жанды. Өрт кезінде өрт сөндірушілердің күшімен 12 адам эвакуацияланды, оның ішінде 7 бала бар. 2 адам құтқарылды, оның ішінде 1 бала бар», - делінген ТЖМ хабарламасында.
Өрт кезінде үш айлық бала құтқарылды. Сәбиді өрт сөндіруші Айдын Бимұханов алып шықты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.