Танымал әнші Төреғали Төреәлі Қазақстан полициясы күніне арнайы ән жаздырып, бейнебаян түсірген.
Маған тиісе бермесін: Төреғали Ішкі істер министріне өтініш айтты
12,899
оқылды

Ол мерекелік жиындардың біріне барып, полицейлерді құттықтаған, – деп жазады Aikyn.kz. 

Бейнежазбадан байқалғандай, жиынға Ішкі істер министрі Ержан Сәденов те қатысып отыр.

"Мені танып тұрсыздар ма? Мен де сіздерді жақсы көріп, біліп тұрмын. Құрметті Ержан аға, сізбен осындай керемет жерде көрісіп тұрғаныма қуаныштымын. Маған тиісе бермесін, мына кісілерге айтып қойсаңыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!" – деп әзілдеді Төреш.

Сонымен қатар өнер иесі сахнада жаңа әнін таныстырған.

"Құттықтауға Төрештей ұл келгені,

Бір-екі ауыз қалжыңдап үлгергені.

Өзінің мейрамында қызық болды-ау

Полиция арудың гүл бергені!" – деп жазды Тәреғали Төреәлі желідегі парақшасында.