Сөйлесу мүмкіндігін жоғалтқан адамдарға көмектесу үшін Paradromics компаниясы
адамның миы мен компьютердің арасын жалғайтын чип жасады. Ол келесі жылы адамдарға сынақтан өткізіледі.
Келесі жылы адамдардың миына чип қойыла бастайды
Ми чиптері ауыр ауруларды емдеу үшін ғана пайдаланылуы мүмкін, бірақ болашақта басқа мақсаттарда қолданылатын болады. Фото neurosciencenews.com сайтынан алынды
15,703
оқылды

Paradromics нейротехнологиялық стартапының жетістіктері туралы Quartz сайтының хабарламасына сілтеме жасаған Aikyn.kz адамдарға сыналатын ми-компьютер интерфейсінің қолдану мүмкіндіктерін талдайды.

Стартаптың ми имплантасына «серпінді құрылғы» белгісін берген және оны агенттік өзінің жедел қарауына қабылдаған. Фото Quartz сайтынан алынды. Авторлығы: Getty Images / The Washington Post 

Илон Маск құрған Neuralink компаниясының бәсекелесі 2015 жылы құрылды және осы уақытқа дейін венчурлық капиталды қаржыландырудан 87 миллион доллар және үкіметтік қаржыландырудан 18 миллион доллар жинады.

«Біздің қимыл-қозғалыс (моторика) мен сөйлеуге назар аударуды таңдаған себебіміз, олар ғылыми қауымдастықта жақсы зерттелген тақырып және ғылым осы бағытта жақсы дамыған», – дейді CNBC-ге берген сұхбатында Paradromics-тің бас ғалымы Викаш Гилжа.

Мамыр айында АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы стартаптың ми имплантасына «серпінді құрылғы» белгісін берген және оны агенттіктің жедел қарауына қабылдаған.

Құрылғы Connexus Direct Data Interface деп аталады және пациенттің ми сигналдарын оқу және емделушінің болжаған сөзін түсіндіре алады.

Paradromics-тің Бас директоры және негізін қалаушы Мэтт Энгл имплант 2029 жылға қарай коммерциялық қолданыста болатынын айтқан. Ми чипінің құны шамамен 100 000 доллар болады. Фото spectrum.ieee.org сайтынан алынды

Paradromics-тің Бас директоры және негізін қалаушы Мэтт Энгл CNBC-ге имплант 2029 жылға қарай коммерциялық қолданыста болатынын айтқан. Стартап жасаған ми чипінің құны шамамен 100 000 доллар болады деп болжануда.

Энглдің айтуынша, алғашқы ми чиптері тек ауыр ауруларды емдеу үшін ғана пайдаланылуы мүмкін, бірақ олар болашақта басқа мақсаттарда қолданылатын болады.

«Менің ойымша, әңгіме 20 жылдан кейін басқаша болуы мүмкін және бұл құрылғылардың кейбірінде тұтынушылық қосымшалар болады. Бірақ сонымен бірге біз физикалық және ақыл-ой кемістігі бар адамдар үшін қауіпсіз және сенімді құрылғылар жасауға көңіл бөлеміз», – дейді Энгл.

Ал Neuralink өзінің ми чипін осы жылдың басында бірінші пациентіне имплантациялады және қазірдің өзінде клиникалық сынақтарға көбірек пациенттер тартуда. Бұл туралы Aikyn.kz арнайы мақала жариялады. Мына сілтеме бойынша өтіп оқуға болады: «Миллиардер миына чип қойдырғысы келетін адам іздеуде».

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.