Бүгінде 17 жоба іске асырылып жатыр.
Үкімет ұлттық инфрақұрылым жоспарын әзірледі 
572
оқылды

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Үкімет 200-ден астам жобаны қамтитын ұлттық инфрақұрылым жоспарын әзірлегенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы вице-премьер Primeminister.kz сайтына берген сұхбатында айтты. 

«Жұмыс 2029 жылға дейін жалғасатын болады. Сол аралықта осы 200-ден астам жобаға 40 трлн теңгеден астам инвестиция жұмсалады», – деді вице-премьер. 

17 жоба іске асырылып жатыр. Ол – энергетика, көлік, логистика, су шаруашылығы және цифрлық инфрақұрылым саласындағы жобалар. Биылдың өзінде 770 млрд теңгеге жуық инвестициялар осы жобаларға бағытталатын болады. 

Елімізде теміржол құрылысы жобалары жалғасып жатыр. Былтыр «Достық – Мойынты» жолы басталды, Алматыны айналып өту жобасы қолға алынды. Сонымен қатар биыл жаңадан «Мақтаарал – Дарбаза», «Аягөз – Бақты» теміржолдары салынады. Бұл жобаның іске асырылуы еліміздің көлік-транзит әлеуетін арттыруға бағытталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.