Синоптиктер өңірде алдағы тәуліктерде де аптаптың беті қайтпайтынын айтты.
Шығыс Қазақстанда ауа температурасы 47 градусқа дейін көтерілді
3,222
оқылды

Шығыс Қазақстан облысында да аптап ыстық басталды. Соңғы үш тәулікте орташа ауа температурасы 39, 41 градусқа дейін көтерілді. Оңтүстік аудандарда 45, 47 градусқа жеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan арнасына сілтеме жасап. 

Синоптиктер өңірде алдағы тәуліктерде де аптаптың беті қайтпайтынын мәлімдеді. 

Дәрігерлер қатты ыстық әсіресе, созылмалы жүрек қан тамырлары ауруына шалдыққан науқастарға өте қолайсыз екенін айтады. Тіпті, соңғы үш тәулікте қысымы көтеріліп жедел жәрдемге қоңырау шалатындардың саны 2-3 есеге артқан. Өзен-көлдерге түсетіндер де көбейген.

Мамандар суға шомылу кезінде өте сақ болуды ескертеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.