Жиынның күн тәртібінде «Өркен-КШТ» индустриялық аймағының құрылыс барысы туралы мәселе бойынша 15 мамырдағы «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Саяси кеңесі бюросының қаулысының орындалу барысы және Құрғақшылыққа қарсы іс-қимыл шегірткемен күресу бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша тиісті басқармалардың ақпараттары тыңдалды.
«Бүгінгі отырыста көтерілген мәселелер бойынша нақты жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асыру керек. Қоғамдық кеңес тарапынан айтылған ұсыныстарды ескерсеңіздер. Тоқсан сайын бас қосып ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікке қатысты өзекті мәселелерді талқылаған отырыстардың нәтижелері болуы керек деп есептеймін», – деді қоғамдық кеңестің төрағасы Зоя Новолодская.
Сонымен қатар жиын барысында кеңес мүшелері көктемгі дала науқанының нәтижелері мен ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін субсидиялаудың жаңа қағидаларына қатысты мәселелерді де талқылады.
Н.ҚОСАЙ