Бүгін ауа райы қандай болады?
Аптап ыстық, жаңбыр, жел: 26 маусымға арналған ауа райы болжамы
3,506
оқылды

«Қазгидромет» 26 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс циклоны және соған байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер ел аумағындағы ауа райына әсер етеді. Сондықтан найзағай ойнап, жаңбыр жауады, елдің батыс бөлігінде қатты жаңбыр күтіледі.

Қазақстанның шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көбінесе жауын-шашынсыз. Республика бойынша желдің күшеюі, батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде дауыл, бұршақ күтіледі.

Күндіз Абай, Жетісу, Ұлытау, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Түркістан облысынының батысында және шөлді аудандарында қатты ыстық күтіледі.

Ақтөбе облысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, Абай, Қостанай облыстарының батысында, солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, орталығында, Ақмола облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының шығысында, орталығында, Атырау облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ұлытау, Алматы облыстарында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Абай облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.