Қозғалысты қалпына келтіру үшін 100-ден астам теміржолшы жұмылдырылды.
Түлкібас-Арыс учаскесінде пойыз қозғалысы қалпына келтірілді
519
оқылды

Түркістан облысында Түлкібас-Арыс учаскесінде жүк вагондарының жолдан шығып кетуіне байланысты жабылған жол ашылып, пойыз қозғалысы қалпына келтірілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі пойыздары кешіккен жолаушылар тамақ және ауыз сумен қамтамасыз етілгенін мәлімдеді. Жолда қалып қойған 492 жолаушыны жеткізу үшін 5 автобус көмекке келді. Жүк вагондарының жолдан шығып кету салдарын жойып, қозғалысты қалпына келтіру үшін 100-ден астам теміржолшы жұмылдырылды.

«Компания жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және пойыздардың кідіру уақытын қысқарту мақсатында қажетті шараларды қабылдап жатыр. Анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі арқылы алуға болады», – делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, кеше Түркістан облысында жүк пойызы рельстен шығып кеткен еді. Зардап шеккендер жоқ. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.