Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау жөніндегі конкурс аяқталды.
Академиктер сайланды
491
оқылды

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №223 бұйрығымен бекітілген ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидаларына сәйкес академияның жалпы жиналысы өтіп, оның шешімімен ҰҒА академиктері сайланды. 

Атап айтсақ, «Өмір және денсаулық туралы» ғылымдар бөлімшесі бойынша («Медицина және денсаулық сақтау» бағыты бойынша) профессор, нейрохирургия саласындағы жетекші ғалым, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы Серік Ақшолақов және профессор, көмекші репродуктивті технология саласындағы жетекші ғалым, PERSONA халықаралық клиникалық репродуктология орталығының жетекшісі Вячеслав Локшин ҰҒА академигі болды. 

Сонымен қатар «Жер, ғарыш және коммуникациялар туралы» ғылымдар бөлімшесі бойынша («Жаратылыстану ғылымдары», «Инжиниринг және технологиялар» бағыттары бойынша) профессор, радиациялық материалтану, мембраналық технологиялар және нанотехнологиялар саласындағы жетекші ғалым, Энергетика министрлігінің «Ядролық физика институты» ШЖҚ РМК Астана филиалының директоры Максим Здоровец, профессор, плазма физикасы және плазмалық нанотехнологиялар саласындағы жетекші ғалым Тілекқабыл Рамазанов, қауымдастырылған профессор, математика саласындағы жетекші ғалым Дурвудхан Сураган және профессор, ҚР ҒЖБМ ҒК «Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты» ШЖҚ РМК өсімдіктер генетикасы саласындағы жетекші ғалым Ерлан Тұрысбеков Ұлттық ғылым академиясының академиктері болып сайланды.