ТЖМ құтқарушылары Қарағандыда өрттен 28 адамды эвакуациялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бүгін таң ата Қарағанды қаласында көпқабатты тұрғын үйдің 5 қабатында орналасқан пәтерде 6 шаршы метр алаңда үй заттары, тоңазытқыш және жиһаз жанып, өрт шыққан.
– Өрт сөндірушілер 28 адамды эвакуациялады, оның ішінде 8 бала. Өрт сөндірушілердің жедел жұмысының арқасында шақырған сәттен бастап 58 минут ішінде өрт сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала шығу себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы, – делінген хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.