Аталған оқиғадан кейін спорт мектебінің басшысы да, есепшісі де қызметтен кетті.
Ақтөбелік кәсіпкер ат спорты мектебіне асылтұқымды жылқы орнына, мінетін ат сатып алған
1,923
оқылды

Ақтөбедегі ат спорты мектебіне асылтұқымды жылқы орнына, мініс аттарын сатып алған кәсіпкер жауапқа тартылды. Ол енді бес жылқының құнын толық қайтаруы тиіс, – деп хабарлайды Aikyn.kz Astana.tv-ге сілтеме жасап. 

Былтыр Ақтөбедегі спорт мектебінде аудиторлық тексеріс болған. Сол кезде спорт мектебіне алынған тұлпарлардың асылтұқымды емес, қарапайым ат екені анықталды. Кәсіпкерде оның асылтұқымды екенін дәлелдейтін құжаттары болмай шыққан. Осы оқиғадан кейін спорт мектебінің басшысы да, есепшісі де қызметтен кетті.

Көкпаршылар үшін қазына қаражатына сатып алынған бес жылқының құнын сот шешімімен тендерді ұтқан кәсіпкер қайтаратын болды. 

– Сотта аудиторлық есеп бойынша жауапкер жеткізген бес бас көкпар спорттық жылқылардың техникалық ерекшелік шарттарына сәйкес келмейтіні анықталды. Жауапкер осы жылқылардың асылтұқымға жататындығын дәлелдейтін құжаттар, яғни асылтұқымдық куәліктер ұсынған жоқ, – деді облыстық сот баспасөз қызметінің бас маманы Жансая Таирова.