Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде кейіннен қабылданған заңдар жөнінде айтып, олардың маңызын түсіндірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Президент Ақордада өтіп жатқан БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде айтты.
«Жақында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тосқауыл болатын арнайы заң күшіне енді. Бұл – өте қажетті құжат. Бұл мәселе бойынша менің көзқарасым – баршаңызға айқын. Еліміздегі әрбір шаңырақ қазақ отбасының үлгісіне айналуы керек. Әрине, қабылданған заң барлық қатерді бірден жойып жібермейді. Бұл – ұзақ әрі күрделі үдеріс.
Заң жазалау үшін емес, ең алдымен, құқықтық мәдениетті қалыптастыру үшін маңызды. Оған бүкіл қоғам болып атсалысу қажет. Осы жолда ақпарат өкілдерінің рөлі ерекше», – деп түсіндірді Мемлекет басшысы.