Абай облысында полиция қызметкерін жаяу жүргіншілер жолағында көлік қағып кетті. 35 жастағы анықтаушы сол жерде көз жұмған. Toyota көлігін тізгіндеген жүргізуші мас болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz ktk.kz-ке сілтеме жасап.
Жол апаты Аягөз ауданында болды. Ішімдікке тойып алған жүргізуші жылдамдықты шамадан тыс асырып, жолдан өтіп бара жатқан полицейді қағып кетеді. Онымен тоқтамай, көзілдірік сататын дүкеннің ішіне бір-ақ кірген.
Жеңіл көліктің астында қалған 35 жастағы полиция қызметкері оқиға орнында қаза тапты. Марқұм Аягөз ауданы полиция бөлімінде 2009 жылдан бері анықтаушы болып істеген. Қазір жүргізуші қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.