Кішкентай қыз төтенше жағдай қызметкерлерінің көмегімен құтқарылды.
Қызылордада 3 жасар баланың басы балконның теміріне қысылып қалды
701
оқылды

Қызылорда қаласында 3 жасар бала басын балконның теміріне қысып, шығара алмай қалған. Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері барды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Төтенше жағдай қызметкерлері қыздың басын темірден шығаруға тырысып жатқаны бейнеленген видео журналист Гүлмира Әбіқайдың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Оның айтуынша, қыздың басын шығаруға алдымен ата-анасы тырысқан, алайда әрекет нәтижесіз аяқталды.

"Басын балконнан шығара алмай қиналды. Қызылордадағы көпқабатты үйдің балконына шығып, темірден басын шығарып ауланы көрмек болған 3 жасар қыздың басы қысылып қалды. Өздігінен шығармақ болды, ата-анасы суырып алмақ болды, нәтижесіз.

Ақыры төтенше жағдайға хабарласып, құтқарушылар темірді кесіп, 3 жасар қызды аман-есен құтқарды.

Бұл жағдай 2 ай бұрынғы оқиғаны еске салды. Сәуір айында танысына келген мейман темір дулығаны киіп көрмекші болып, басынан шықпай қалып еді ғой? Ұмытпаған шығарсыздар?

Ол кезде де оқиға Қызылордада болған", – деп жазған ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.