Ресми деректер бойынша елде шамамен 400 мыңға жуық азамат құмар ойынның құрығына түскен. 
Лудоманияға қарсы заңды қабылдауға қарсылық білдірген ықпалды топтар болды – Ерлан Қошанов
1,570
оқылды

Елімізде букмекерлік кеңселер мен казиноларға қойылатын талаптар күшейді. Сонымен қатар онлайн-казино қызметін ұйымдастырғандарға  қарсы қылмыстық жауапкершілік енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты. 

«Мемлекет басшысы құмар ойынды ХХІ ғасырдағы ең келеңсіз әлеуметтік індеттің бірі деп атады. Тек ресми деректер бойынша шамамен 400 мыңға жуық азамат құмар ойынның құрығына түскен. Олардың дені – жастар. Ойын бизнесі туралы заң Парламент қабырғасында, түрлі қоғамдық алаңдарда ұзақ уақыт бойы талқыланды. Заңды қабылдауға қарсылық танытуға тырысқан ықпалды топтар да болды. 

Соған қарамастан депутаттар букмекерлік кеңселер мен казиноларға қойылатын талаптарды қатайтты. Онлайн-казино қызметін ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауаптылық енгізілді. Борышкерлер мен алимент төлеушілердің ойнауына тыйым салынды», – деп нақтылады Ерлан Қошанов. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.