Алаяқтардың жасанды интеллектіні қолдануы шетелдерде жиі тіркелуде. Сондықтан, ІІМ азаматтарға сақ болуды ескертті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Polisia.kz-тің мәліметінше, жасанды интеллектіні пайдаланатын алаяқтар қаржылық пайда табу үшін басқа адамның кейпіне еніп, даусын өзгерте алады.
– Полицияның киберпол бөліністерінің ақпаратына құлақ асып, сіз өз қаражатыңыздың қауіпсіздігі мен жеке мәліметіңіздің құпиялығын сақтауды білгеніңіз абзал. Және бұл сақтық шараларын жақындарыңызбен бөліскеніңіз жөн, – делінген хабарламада.