Бүгінде жас әншінің продюсері Жігер Ауыпбаев емес.
"Өнерден кетемін": Қойшы бала Жігер Ауыпбаевтан кешірім сұрады
Фото: https://www.instagram.com/jiger_auypbaev_official/
27,342
оқылды

Халыққа “Қойшы бала” атымен танымал болған Айдос Кәден өнерден кететінін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгінде жас әншінің продюсері Жігер Ауыпбаев емес. 

“Қойшы бала өзінің ТiкTok парақшасына: “Бұйырса, ағайын, өнерден кетемін. Сәл өнерде жүре тұрайын. Өмірдегі ең үлкен қатем – Жігер ағамнан кетіп қалғаным. Кешіріңіздер”, – деп жазба қалдырды ол.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, Жігермен арақатынасының дұрысталуын тілеп жатыр. 

“Бұл балаға обал болды. Жаңа ғана танымал болып келе жатып, өзіміздің қазақ бауырлары қысым көрсетіп, көрелмаушылық болды,”, “Жұлдыз болып кетіп едің”, “Жігерден кешірім сұра”, “Продюсер ағаң қайда кетті?” деп жазып жатыр көпшілік. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.