Ержанова Айым тестілеудегі барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, максималды балл жинаған.
Қосшы мектебінің оқушысы ҰБТ-да барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, 140 балл жинады
Фото: кейіпкердің жеке мұрағатынан
7,240
оқылды

Р.Қошқарбаев атындағы Қосшы мектебінің оқушысы Ержанова Айым ҰБТ-дан 140 балл жинады. Aikyn.kz бұл туралы Kazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Ержанова Айым тестілеудегі барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, максималды балл жинаған.

«Дүниежүзі тарихы және ағылшын тілі пәндерін талдадым. Осы орайда ата-анама және ұстаздарыма алғыс айтамын. Алла қаласа Еуразия ұлттық университетінен екі шет тілі мамандығын таңдап отырмын», - дейді Ержанова Айым. 

Айта кетейік, оқушы «Ағылшын тілі» екінші бейіндік пәнін есептемегенде, 4 пән бойынша ҰБТ тапсырған. Себебі ҰБТ-ға берген өтінішінде IELTS сертификатын көрсетті. ҰБТ нәтижесінде 4 пән бойынша 90 балл жинады. 

Ұсынылған сертификаттарды конвертациялау рәсімін ЖОО-ның қабылдау комиссиялары білім гранттарын беру (13-20 шілде аралығында) немесе ақылы негізде қабылдау жөніндегі конкурсқа өтініш берген кезде жүзеге асырады. Демек, «Ағылшын тілі» пәні бойынша балл жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары сертификаттың түпнұсқалығын тексергеннен кейін ғана есепке алынады.

Бұған дейін ҰБТ-дан 140 балл жинаған Жаннұр Еңсебек туралы жазған едік. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.