16 жастағы екі жасөспірім бір күн бұрын таңертең мал жаюға шығып, бағдарынан адасып, үйлеріне өз бетінше орала алмаған.
Түркістан облысында тауда адасқан 2 бала табылды
Фото: ТЖМ
1,113
оқылды

ТЖМ құтқарушылары жоғалған екі баланы тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бүгін Түркістан облысы Тәукент ауылынан 6 км таулы жерде құтқарушылар іздестіру жұмыстары барысында тауда адасқан 2 жасөспірімді тапты. Жоғалған адамдарға медициналық көмек қажет болған жоқ. 

Естеріңізге сала кетейік, 16 жастағы екі жасөспірім бір күн бұрын таңертең мал жаюға шығып, бағдарынан адасып, үйлеріне өз бетінше орала алмаған. Іздеуге құтқарушылардың кинологиялық есептобы, ұшқышсыз ұшу аппараты мен ҚР ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшағы жұмылдырылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.