24.kg жазғандай, бұл ақпаратты ТЖМ дағдарыс жағдайындағы басқару орталығы басшысының орынбасары Байзақ Оторбеков растады.
Қырғызстанда жүрген селден 5 адам қаза тауып, ондаған аула су астында қалды
1,085
оқылды

Қырғызстанның Ош облысы Ноокат ауданында сел ағындары түсіп, бес адам қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Жергілікті тұрғындарға сілтеме жасап, ол Абшыр-Ата елді мекенінде өзен жағасында алты адам сәкіде демалғанын хабарлады. Барлығын ағын алып кетті. ІІМ қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар бес адамның денесін тапты", – делінген материалда.

Қазіргі уақытта ТЖМ қызметкерлері селдің салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің жеке басы анықталып жатыр.