16 жастағы екі жасөспірім бір күн бұрын таңертең мал жаюға шығып, бағдарынан адасып, үйлеріне өз бетінше орала алмаған, - деп жазады Aikyn.kz.
«Бүгін Түркістан облысы Тәукент ауылынан 6 шақырым таулы жерде құтқарушылар іздестіру жұмыстары барысында тауда адасқан 2 жасөспірімді тапты.
Жоғалған адамдарға медициналық көмек қажет болған жоқ», — деп жазды ведомстводан.
Іздеуге құтқарушылардың кинологиялық есептобы, ұшқышсыз ұшу аппараты мен ҚР ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшағы жұмылдырылды.