Актер өмірден өткен әкесін еске алды.
«Сағыныш сезімі тұншықтырып тұр»: Азамат Сатыбалды өмірдегі өкінішін айтты
Фото: instagram.com/azamatc
15,733
оқылды

Тележүргізуші, актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалды өмірде қандай өкініші бар екенін айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Актер өмірден өткен әкесін еске алды. Өнер иесі ата-ананы барында бағалау керегін айтты.

"Бүгін әкемнің өмірден өткен күні. Осыдан төрт жыл бұрын, дәл осы күні кешкі сағат сегіздерде әкем бізбен қоштасты. Жандарыңыз жәннаттық болсын асқар тау әкешім, аяулы анашым. Дүниеде әкеңе еркелеуден асқан бақыт бар ма? Көп нәрсе жазғым келеді, бірақ сағыныш деген сезім алқымдап тұншықтырып тұр. Әке-шешең өмірден өткенде екі өкініш қалады. 1. Неге жақсылық жасамадым. 2. Жасасаң, неге бұдан да көп жасамадым екен деген… Ата-анасы мына өмірде барлар, қандай бақыттысыңдар. Бағалаңдар. Жақсы көріңдер. Беттерінен қайта-қайта сүйіңдер. Сыйлық жасаңдар. Жағдайын сұраңдар. Көңілдерін көтеріңдер. Барынша батасын алыңдар. Бақыт батада", - деп жазды ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.