Ол биыл 70 жасқа толады.
Белгілі театр және кино режиссері Талғат Теменов ауруханада жатыр
7,505
оқылды

Белгілі театр және кино режиссері, кинодраматург Талғат Теменов ауруханада жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы журналист Серік Абас-Шах әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"21 аптадан соң 70 жасқа толғалы отырған Талғат Теменов досым(ыз) сырқаттанып қалыпты (аяғына ота жасатып ауруханада жатыр екен). 4 қабатта орналасқан пәленшесінші палатаға кіріп шықтым. Адамзат тарихы туралы бір ғылыми кітапты қызыға оқып жатыр екен. "Мынаны тауып алып оқышы, Секе" деді. Мен бұл кітаптың менде бар екенін айттым. Екеуіміз 59 минуттай әңгімелестік (түрлі тақырыпта).

Шай іштік (шайды 21 желтоқсанда туған ақкөңіл медбике дайындап әкеп берді)", – деп жазды Серік Абас-Шах.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.