Түлекті дайындаған ұстаздардың рөліне де тоқталып өтті.
Министр ҰБТ-дан 140 балл жинаған Жаннұр Еңсебекті құттықтады
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі
2,172
оқылды

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ-дан 140 балл жинаған Жаннұр Еңсебекті құттықтап, ата-анасына алғыс білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Сондай-ақ түлекті дайындаған ұстаздардың рөліне де тоқталып өтті. 

«Жаннұрдың ҰБТ-да жоғары көрсеткіш көрсетуі – бұл еңбекқорлықтың, шыдамдылық пен ынтаның нәтижесі. Бұл ретте ата-ананың қолдауы, қамқорлығы мен балаға деген сенімін де айта кету керек. Сондай-ақ мұғалімдердің де кәсібиліктері мен жұмыстарына деген адалдықтарының арқасы. Бұл қуанышты сәт өміріңіздегі жаңа жетістіктер мен жеңістердің бастамасы болсын!» – деді Саясат Нұрбек өз сөзінде. 

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, 11 жыл үздік оқыған түлек – «Алтын белгіге» үміткер. Ол ҰБТ-ны «Математика-Информатика» комбинациясы бойынша Алматы облысының Есік қаласында тапсырған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.