«Қазгидромет» РМК Қазақстан аумағы бойынша 1 шілдеге арналған жалпы ауа райы болжамын жариялады.
Бүгін бұршақ жауып, қатты жел тұрады
aikyn.kz
4,109
оқылды

Синоптиктердің болжамы бойынша еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады.

Мысалы Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тіпті, бұршақ түсіп,  қатты жел тұрады. Еліміздің батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болмақ.

Жалпы алғанда еліміз бойынша ортақ табиғи құбылыс – желдің екпін алуы. Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл тұрса, солтүстік-батыста түнгі және таңертеңгі уақытта тұманды болады.

Сондықтан Қарағанды, Павлодар, Абай, Жетісу облыстарында, Ұлытау өңірінің солтүстігінде, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ұлытау облыстарында, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының оңтүстігінде, Жетісу өңірінің солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.