Бес адам Алматы облысының тауларына серуендеп шығып кеткен.
Алматы облысында із-түзсіз жоғалған бес адам табылды
bi5fqn2s
1,126
оқылды

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, іздестіру операциясы Қарасай ауданының «Девичьи слёзы» сарқырамасының маңында жүргізілген. Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты құтқару жұмыстары 5 сағатқа созылды.

Құтқарушылардың үйлесімді жұмыс істеуі барысында 2004-2005 жылы туған туристер аман-есен табылды. Туристік топ тауға көтеріліп, өз бетінше түсе алмаған. Оларға медициналық көмектің қажеті болмады. 

Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі таудағы қауіпсіздік ережелерін ұмытпауды еске салды. Мәселен, тауға шығар алдында маршрутты егжей-тегжейлі зерттеу керек. Әсіресе жаңбырдан кейін сел қаупі бар жерлерден аулақ болыңыз. Егер де жақындап келе жатқан сел ағынының шуы естілсе, бірден 50-100 метр жоғары көтерілу керек. Қатты екпінмен келетін сел ірі-ірі тастарды жұлып әкетіп, ұшыруы мүмкін. Сол себепті сел ағынынан қашып қана құтыла алатынын еске салды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.