Павлодарда 19 жастағы жігіт суға батып кеткен.
Іздеу жұмыстары үш күнге созылған жігіттің мәйіті табылды
www.istockphoto.com
1,265
оқылды

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 28 маусым күні сағат 16:00-де болған. Сол күні 19 жастағы павлодарлық жігіт орталық жағажайда демалған екен. 

Досының сөзінше, жігіт суға сүңгіп жүрген. Міне, сол күйі су бетіне шықпай қалған. 

Іздеу жұмыстары бірден басталып, үш күнге созылған. Алайда бозбала табылмады. Артынан жағалауда куәгердің бірі 19 жастағы жігіттің денесін байқап қалған. Сөйтіп, мәйітті судан жедел-құтқару жасағының қызметкерлері алып шығарған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.