Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Фоторепортаж

UFC-дегі алғашқы қазақстандық ару

Ол сегіз жекпе-жектің алтауын уақытынан бұрын аяқтаған.

Анар Қоныс
Наурыз 11, 2020
Фоторепортаж, Әлем, Басты жаңалықтар, Сұхбат
Агапова

Фото: жеке архивтан

574
қаралым

«Армандар орындалады» дейді 23 жастағы қазақстандық Мария Агапова. Ол ММА өкілі атанып, UFC-мен келісімшартқа отырған алғашқы қазақстандық қыз. Аса жеңіл салмақ бойынша аралас жекпе-жекте күресіп жүрген Мария сегіз жекпе-жектің алтауын уақытынан бұрын аяқтаған. Жас та болса, осындай жетістікке қалай жеткенін білгіміз келіп, әңгімелесудің орайы туды.

Марина Агапова
Фото: жеке архивтан

– Құтты болсын! Мұндай жетістікке жетудің өзі оңай емес. Енді, шарт бойынша қанша кездесу болады деп жоспарланған?

– Шынын айсам, ол жағы әлі белгісіз. Бірақ  естуімше, биыл UFC сайысты көп өткізбейді. Алайда қанша ойын болса, соның бәріне шығамын деген ниеттемін.

Коронавирус: Қазақстан «қызыл» аймақта тұр

Төрт түліктен де қауіп бар

COVID-19: Қазақстан әлі де «қызыл» аймақта тұр

View this post on Instagram

Dreams Come True. This is a translation of one of my tattoos. I always knew and felt it. Today something happened that I have been going all my life to. Thank you Shannon @shanknapp for giving me the chance to show myself in @invictafc. Thanks to my teammates. You have no idea how much you mean to me! A year ago, I looked at you from the TV screen. And I promised myself that I would become as strong as you. And now we are a team. And you helped me all the time on my hard way. And now I am UFC fighter like you. Thanks to my best managers in the world @alexdavismma @alexeyzhernakov @alexandrromashov13 for their well-coordinated work. And help me in every bad situation. Thanks to my coaches who put a lot of effort and work into me @rinat_bahitovich @deoliveira_coach @kingmofh @macarraodossantos @katelkubis @evertonvvoliveira @rocco.fabricio Thanks everyone! The guys from the gym this year became my family. I came here every day, even when it seemed to me that everything was over, and my dream never come true. I woke up every day, and watched the inscription on the sheet that I would fight in the UFC in 2020. And I went to ATT. Fighters from all over the world, from different states, are training there. And we have no one here but each other. We are really a huge family. And I'm incredibly happy that there are so many amazing people around me, and that I have become part of a huge family. In one family you are born, and one family you find(c) @brian666werner I'll write a book soon guys. And now this book has a happy ending! And thanks to my beautiful followers, my suns for your help, donations and support! You were my ray of light in bad moments! Thanks to your help, I paid for the house, bought food, and did not give up. Because you all supported me! My guys! Thank you for everything. In a couple of months I will be in the resource to send each of you a thanks gift. Thanks all my friends for supporting me! And for all this time I understood one thing: Not all the people who hug you are your friends. And not all people who beat up you – your enemies. @amandaufcribas @amanda_leoa @joannajedrzejczyk @maryna_moroz_ufc @markaomaluko @valerieloureda

A post shared by Mariya Agapova (@mma.mashka) on Feb 26, 2020 at 10:38am PST

– Биыл жазда, дәлірек айтсақ, 13 маусым күні Нұр-Сұлтанда UFC тарихында алғаш рет қазақ шоуын өткізеді. Сізді сол жерде көреміз бе?

– Келісімшарт бойынша әлі анонсы шықпаған жекпе-жек жайында тіс жармауым керек. Сондықтан бұл туралы ештеңе айта алмаймын. Бәрін уақыты келгенде білесіздер.

Агапова
Фото: жеке архивтан

–  UFC аралас жекпе-жектің әлемдегі ең ірі халықаралық спорттық ұйым екені белгілі. Олардың көзіне түсіп, шартты жұлып алу қиынға түспеді ме?

– Әрине, қиын болды. Арманым үшін барымды саламын деп ойламадым. Тіпті, өзімнен ондайды күтпедім. Аяқасты туған жерімнен көшіп, Америкада қалу оңай соқпады. Басымнан өткен қиындыққа қарамастан, арманым орындалғанына қуаныштымын! Маған қолдау көрсеткен жаттықтырушылар, менеджерлер мен демеушілер, әсіресе, Алик Давиш, Александр Ромашов, Айдар Махметов, RusFighters спорт клубының вице-президенті Алексей Жернаковтарға алғысым шексіз.

Өзге түгілі өз еліңде жүріп биік шыңды бағындыру қашанда ауыр. Ал өзге елде жүрген маған бұл белесті бағындыру қиын болды. Міне, сондайда  кез келген көмек, жылы лебіз бен сөз жанға қуат береді. Соның арасында ірі демеушінің бірі Tv-Com.kz компаниясы өз елімнен болғаны төбемді көкке жеткізді.

Агапова
Сурет интернеттен алынды

Жеңістің құпиясы неде?

– 8 жекпе-жектің алтауын уақытынан бұрын жеңіспен аяқтап, тек бір ұтылысыңыз бар. Өткенге қарап, сол күресте өзіңізден қандай қателік кетті деп ойлайсыз? Әлде жеңіске жету үшін жігер жетпеді ме?

– Біріншіден, тәжірибе аздық етті. Екіншіден, тамақтану, салмақ қосу бойынша білетінім аз болды. Қазақстандағы жиған-терген тәжірибем әлемдік аренада жеткіліксіз еді. Соның орнын  тез арада толтыруға тырыстым. Қазір бәрі жақсы.  

единоборства

– Америка мен Қазақстандағы аралас жекпе-жектің айырмашылығы бар ма?

 – Әрине, бар. Бұрынғы Кеңес Одағының құрсауында болған мемлекеттерде дұрыс тамақтану үрдісін білмейді. Әлі күнге дейін қатып қалған стериотиптер бар. Оны дұрыс емес деп ешкімді сендіре алмайсың.

Мәселен, таңғы асқа тәтті қауыз немесе кешкіге йогурт жеген дұрыс. Бірақ қауыздың өзі көміртекке, ал йогурт  қантқа толы. Шынын айтсақ, бізде дұрыс тамақтануды, соған қарай қалай жаттығуды ешкім білмейді. Алғашында мен де білгенім жоқ. Осы жаққа  келіп, жаттыға жүріп, дұрыс салмақты сақтай алуды үйрендім. Біздің елдегі ММА сол жағынан ақсап жатыр.

агапова

– Осыған байланысты арнайы диета ұстайтын шығарсыз?

– Дәл қазір диета ұстап жатқаным жоқ. Әзірге өзімді ештеңеден шектемеймін. Бірақ жарыс таяғанда диета ұстаймын. Мысалы, қатты тойып тамақтанбай, қант пен тұз мүлдем қолданбай кетемін.

Мария АҚШ-та қала ма?

– Ал сіздің АҚШ-қа кетуіңізге не себеп болды?

– «Адам жоспарлайды, Алла Тағала шешеді» дегендей, «АҚШ-қа барамын, сол жақта қаламын» деген ой менде мүлде болмады. Шетелге кетуіме себепкер болған Dana White’s Contender Series шоуы еді. Солармен келісім жасап, жай ғана бір-екі кездесу өткізіп қайтамын деп ойладым.

UFC-дегі алғашқы қазақстандық ару

Сол жекпе-жектен кейін  Invicta FC ұсыныс жасады. Қажетті заттарымды алып келуге үйге де бармай, бірден қалып қойдым. Бір қабат киімімді, қажетті заттарымды осы жақтан алдым. Міне, содан әлі жүрмін. Бір жылдай болып қалды-ау…

– Ол жақта ешқандай тіреусіз, өз-өзіңізбен күнелту оңай шаруа емес. «Тас түскен жеріне ауыр» дегендей, біраз қиындық көрген де боларсыз, алайда жаныңызды қинағаны не еді?

– Аңсаған арман-тілегіңе жету жолында бәрен шыдайды екенсің. Осыған көзім жетті. Қазір демеушілерімнің арқасында тамағым да тоқ, үйімнің пәтерақысы да, қарызымды да жаба аламын. Әйтпесе, оған дейін айдан айға қарызданып жететінмін. Тұрмыстық қиындықты да, аштықты да көтере аласың. Жанымды қинағаны – белгісіздік.

UFC-дегі алғашқы қазақстандық ару

Жарақаттарым болған соң, жекпе-жекке де шыға алмадым. Арасында көлік апатына түскенім бар. Міне, сол аралықта қайда бара жатқанымды, күреспен мүлдем айналыса алмай қаламын ба деген қорқыныш болды.  Оған тағы жейтін тамағың таусылып, пәтерақың келгенде «ақшаны қайдан табамын» деген уайым қосылды.  «Қарызымды қайтара аламын ба?, «құтыла алмасам ше?» деген ойлар мені сан-сақтан жеді. Осындай күйде үш айдай жүрдім.

UFC-дегі алғашқы қазақстандық ару
Америкадағы пәтерінде ілулі тұрған ту

– Қазақстанға қайтып оралғыңыз келмей ме? Әлде сол жақта қаласыз ба?

– Әзірге осы жақта маған мүмкіндік көбірек секілді. Бізде әлі көп нәрсе дамымаған, жекпе-жекті ұйымдастыратын ұйым да жоқ. Оның үстіне, бизнеспен айналысамын, картиналарым сұранысқа ие. Шынын айтсам, Қазақстанда оны ешкім алмайды да. Ол жақтағы тобымнан кеткен соң, олармен байланысым да үзілген. Қайтып барғанның өзінде не тобым, не жаттығатын залым жоқ. Ал мына жақта енді аяғыма тұра бастадым. Әзірге Америкада бағымды сынап көрмекшімін.

Мария Агапова
Марияның салған суретін сатып алған әріптесі

Марина күреске қалай келді?

– Күрес алаңындағы кумиріңіз кім?

– Бұрын теледидардан UFC-дің сайысын жібермей көретінмін. Аманда Нуньес, Йоанна Еджейчик секілді болсам дейтінмін. Ал қазір сенесіз бе, бәріміз бір залда жаттығамыз. «Армандар орындалды» деген осы, бүгінде олар менің достарым.

UFC-дегі алғашқы қазақстандық ару
Марияның салған суреті

– Қыз балаға жекпе-жекпен айналысу қиын емес пе? Бұған қалай келдіңіз?

– Өзім бала кезімнен төбелеске жақын болдым. Себебі, төбелеске толы киноны жібермей көретінмін. Рас, сол секілді төбелескім келетін.

Оның үстіне, мектепте балалар мазақтап, тиісе беретін. Өзімді қорғағым келіп, жекпе-жекпен айналыса бастадым. Хоббиға айналған бұл іс бірде ақша әкеле бастады. Сөйтіп, жұмысыма айналды.

 – Күрестегі қыздардың төбелестің ортасында жүріп, әйелге тән нәзіктік жоғалып кетуі мүмкін бе?

– Меніңше, қанға біткен қасиет ешқайда жоғалмайды. Бойдағы нәзіктік қалай десек те, болмыс-бітімде көрініп тұрады. Күресте бастысы нәзіктікті емес, денсаулықты жоғалтып алмауы керек. Жекпе-жек аяқасты сәтсіз аяқталса, арты қиын болады. Сондықтан «өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай» бәрін ұқыпты жасаса, ештеңені де жоғалтпаймыз.

агапова

Жекпе-жекпен айналысуына қарсы болған кім?

– Күреспен түбегейлі айналысуға ата-анаңыз қарсы болмады ма?

– Әрине, ата-анам қарсы болды. Әлпештеп, аялап өсіріп отырған қызын төбелеске кім жіберсін?! Әсіресе, әкем беріге дейін бері қарамады. Кикбоксингпен айналысып жүргенімде марқұм әкем жұптасуыма келіп, «Тамаша, сенің жақсы күресетініңді білмеппін» деп риза болған. Ертеңінде базарға апарып, қолғап пен басқа шлем алып берді.

Ол әлі Павлодардағы үйде сақтаулы тұр. Қазір табыс тауып, танылып жатқанымды көрген анам жұмсарып, қолдайтын болды. Отбасымның ішінде қалаған дүниеме орын табу оңайға түспеді. Бәрібір түбінде өз дегенім болды.

– Өзіңіз Павлодардың тумасы екенсіз, ата-анаңыз немен айналысады?

– Жанұям әлі Павлодарда тұрады. Анам сол жақтағы бір компанияда бас есепші. Ал әкем 11 жасымда қайтыс болған. 

UFC-дегі алғашқы қазақстандық ару

– Денеңіздегі татуировкаға қарап, жақсы көретініңізді байқадық. Алғашқы татуировканы неше жасыңызда салдыртып едіңіз, қазір нешеу?

–  Иә, ұнайды. Қазір сегіз татуировкам бар. Бірінші татуировканы 15 жасымда жасаттым. Баласың ғой, ол жайында анаға айтпақ түгілі, сөз де қозғай алмайсың. Татуды салдыртқым келгені соншалық, таныстарым арқылы мың теңгелік жерді таптым.

Бірақ не салдыратынымды білмей дал болып, сол кісінің кеңесімен бесінші нүктеме бантик жасаттым. Кейін анам оны білгенде, тату салған адамның үстінен арыз жазып жібермекші еді. Тіс жарып айтпаған соң, ол да қалды.  

 

 

 

 
Тегтер: Dana White's Contender SeriesInvicta FCRusFightersTv-Com.kzUFCАйдар МахметовАҚШАлександр РомашовАлик ДавишАлла ТағалаАманда НуньесАмерикажекпе-жекЙоанна ЕджейчикйогуртКеңес ОдағыкикбоксингкүресҚазақстанқантМария АгаповаНұр-СұлтанПалодартатуировкатұз
Алдыңғы жаңалық

Шекарада сауда жанданады

Келесі жаңалық

Ауыл шаруашылығы – партия бақылауында

Ұқсас жаңалықтар

Мәулен Әшімбаев
Саясат

Мәулен Әшімбаев: Вакцинациялау – мәжбүрлі шара емес

Қаңтар 27, 2021
су, Қостанай, Амангелді, Байғабыл,
Жаңалықтар

Су мұнарасы опырылып құлаған ауылдың тұрғындары сусыз отыр

Қаңтар 27, 2021
ерке қыз
Әлеумет

Ерке қыздың етегі ерте ашылса…

Қаңтар 27, 2021
Серік Ерғали
Әлеумет

«Амал деп жүргеніміз – Наурыздың бір бөлшегі ғана» – мәдениеттанушы Серік Ерғали

Қаңтар 27, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Кәмелет жасына толмаған 4 қызды зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Қаңтар 27, 20:12

Ақмолада мемлекетаралық іздеуде болған алаяқ ұсталды

Қаңтар 27, 19:45

Айжан Есмағамбетова Қазақстанда қатаң карантин қашан енгізілетінін айтты

Қаңтар 27, 19:18

«Восток» тобының әншісі жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Қаңтар 27, 18:51

Túrkistan халықаралық газетінің жинағы таныстырылады

Қаңтар 27, 18:08

Коронавирус: Қазақстан «қызыл» аймақта тұр

Қаңтар 27, 17:58

Қазақстандықтарға зейнетақы қорынан 49 миллиард теңге мақұлданды

Қаңтар 27, 17:45
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

қыз

Кәмелет жасына толмаған 4 қызды зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Қаңтар 27, 2021
ер адам

Ақмолада мемлекетаралық іздеуде болған алаяқ ұсталды

Қаңтар 27, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»