Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев палата бюросының отырысын өткізді. Онда 20 мау­сым күні өтетін Сенат отырысының күн тәртібі бекітілді.
Мемлекеттік сатып алу туралы заңы қаралады
www.istockphoto.com
303
оқылды

Соған сәйкес алдағы бейсенбіде палата де­пу­таттары «Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мем­лекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық құ­­рамдастырылған жүк тасымалдары туралы ке­­лісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Рес­публикасының Үкіметі арасындағы ха­лықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді рати­фикациялау туралы» заңдарды қарайды. Бұл заңдар көліктің әртүрлі түрлерін пайдалана отырып, ха­лықаралық жүк тасымалдау рәсімдерін жеңіл­детуді және мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытуды көздейді.

Сонымен қатар сенаторлар «Қазақстан Респуб­ликасының Үкіметі мен Қытай Халық Респуб­ликасының Үкіметі арасындағы Транскаспий ха­лықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын, оның ішінде Қытай – Еуропа қатынасындағы контейнерлік пойыздар үшін дамыту жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» заңдарды қарайды. Аталған құжаттардың нормалары Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы транзиттік-көліктік әлеуетті және сауда-экономикалық қаты­настарды одан әрі нығайтуға, сондай-ақ Транскас­пий халықаралық көлік бағыты бойынша муль­­­­­­­ти­­­­­­модальды тасымалдарды дамыту үшін авто­мобиль, теңіз және теміржол көлігі түрлерінің ар­тықшылықтарын тиімді пайдалану үшін қолайлы жағдай жасауға арналған.

Одан бөлек, палата отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы мәдени орталықтарды өзара құру туралы келісімді рати­фикациялау туралы» заң қаралады. Заң екі мемлекет арасындағы мәдени-гуманитарлық ын­тымақ­тастықты нығайтуды көздейді.

Сондай-ақ «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заң мен оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сатып алу және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу ту­ралы» және «Қазақстан Республикасының Әкім­шілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдар да Сенат отырысының күн тәртібіне шығарылды.

Бейсенбідегі отырыста «Ғылым және техно­­­логиялық саясат туралы», «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және технологиялық саясат, платформалық жұмыспен қамту және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен то­лықтырулар енгізу туралы» және «Салық және бюд­жетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» ҚР заңына өзгерістер мен то­лықтырулар енгізу туралы» заңдар екінші оқы­лым­да қаралады.

Сонымен бірге депутаттар Қазақстан Респуб­ликасының орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттары мен міндеттерінің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі Парламенттік ко­миссияның құрамына сенаторларды сайлау туралы мәселені қарайды.

Сондай-ақ бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заңдар жұмыс үшін тұрақты комитеттерге бөлініп берілді.