Жағалауда су, электр энергиясы, газ және жол мәселесі әлі күнге толық шешілмеген. Соған сәйкес, Ақтау қаласының бас жоспарына өзгерістер енгізіліп, жағалауды дамытуда шетелдік тәжірибе қолданылатын болады.
«Жоспардың уақытында іске аспауы инфрақұрылымның дайын болмауымен байланысты. Сондықтан ең алдымен жедел түрде инфрақұрылым мәселесін шешуге жұмыстанып жатырмыз. Бұған дейін басталған жұмыстарды тағы да жандандырып, одан әрі күшейтіп, қаржысын ұлғайтып, үлкен жоспар құрып жатырмыз», – деді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев.
Айта кетейік, Президент Үкіметке Маңғыстау облысының әкімдігімен бірге Каспий жағалауындағы туризм инфрақұрылымының сапасын арттыруды, Дубай мен Баку қалаларының тәжірибесін ескере отырып, Ақтау қаласының бас жоспарын қайта қарауды тапсырған болатын.