Tomiris партиялық жобасы аясында жоғары көшбасшылық әлеуеті бар және жергілікті өкілді органдардың тетіктері арқылы өз бастамаларын ілгетілетуге дайын белсенді әйелдер оқиды.
Бұл маусым барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттық қызметі аясында саяси бастамаларға жол ашу мен жүзеге асыру төңірегінде өтпек. Оқу аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсатында саяси бастамаларды тиімді жүзеге асыруға ықпал ететін дағдыларды, білім мен құзыреттерді дамытуға бағытталған.
Алматы қаласында үш күндік оқу бағдарламасынан өту үшін Қазақстанның барлық аймақтарынан 40 қатысушы іріктеледі. Оқу көшбасшылық, саясаттағы гендерлік мәселелер, Қазақстан саясаты және трансформациялануы, көпшіліктің алдында сөз сөйлеу, жобалық менеджмент әдістері, ойлау дизайны бойынша модульдерді қамтиды. Бағдарлама барысында Қазақстан мен Германияның көрнекті саяси қызметкерлермен кездесулер көзделген. Оқудың қорытындысы бойынша қатысушылар өз өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге ықпал ететін, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған өз бастамаларын жүзеге асыру үшін құралдар мен тәсілдерге ие болады.
Қатысушылардың жолақы және Алматы қаласында тұру шығындары ұйымдастырушылардың есебінен өтеледі. Бұл жобаға басшы лауазымдарында, ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесі бар, әлеуметтік-экономикалық және саяси жобаларды жүзеге асыруға атсалысқан, жоғары кәсіби, іскерлік қасиеттері мен көшбасшылық әлеуеті бар әйелдер қатыса алады.
Байқауға өтінімдерді қабылдау аяқталған күнге дейін толық құжаттар топтамасын тапсырған, 1-8-шақырылымдағы барлық деңгейдегі мәслихаттардың әйел депутаттары қатыса алады.
Хаттың тақырыбында «Tomiris / Аты-жөні / аймақ» деп жазып, электрондық поштамен (info@apm.amanatpartiasy.kz) мына құжаттарды жолдау қажет:
- жеке куәлік көшірмесі;
- Youtube платформасында орналастырылған бейне-презентация, тақырыбында қатысушының аты-жөні мен өңірі көрсетілуі тиіс, ұзақтығы 60 секундтан артық емес (60 секундтан асып кеткен бейнероликтер іріктеуге қатыспайды);
- түйіндеме/CV;
- жұмыс орны басшысының және мәслихат хатшысының, аймақтық партия филиалы басшысының қолы қойылған, еркін нысанда екі ұсыным хат.
Конкурстық комиссия қатысушыларды ұсынылған құжаттарды (түйіндеме, бейне-презентация) бағалау және онлайн-әңгімелесу қорытындысы бойынша іріктейді.
Іріктеу шарттары: барлық деңгейдегі мәслихаттардың бұрынғы және қазіргі депутаттары, қойылған сұрақтарға жауаптары бар презентация, әлеуметтік маңызды проблемалар бойынша бастамалардың/жобалардың болуы.
Әйелдердің саяси көшбасшылығын дамыту бойынша Tomiris партиялық жобасы ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің қолдауымен іске асырылуда.