Болжам бойынша, қиылыстан өтіп бара жатқан KIA көлігі №18 бағыттағы автобуспен соқтығысқан. Салдарынан автобус жұргізушісі қаза тауып, 20 шақты адам зардап шеккен. Автобуспен соқтығысқан көліктің жүргізушісі «5:32» сериалының продюсері екені анықталған, – деп хабарлайды Аіkyn.kz сайты El.kz-ке сілтеме жасап.
Жол апатына кінәлі жүргізуші ұсталып, 2 айға қамауға алынған болатын. Алайда күдіктінің 4 айлық сәбиі болғандықтан, адвокат жеке шағым түсіріп, сот оны қанағаттандырды. Сөйтіп, Әнел Сартаева үйқамаққа жіберілетін болды.
– Қамауда ұстау қаулысы жойылды, жеке шағым толығымен қанағаттандырылды. Тергеу кезінде Әнел үйқамаққа алынып, баласына қарайтын болды, – деді Қанат Әлсейітов.