Елорда күні мен ШЫҰ саммитін өткізу қарсаңында, 3 шілдеде ботаникалық бақта салют іске қосылады.
Ертең Астанада отшашу болады
1,856
оқылды

Отшашуды іске қосудың болжамды уақыты сағат 22.00-ден 22.30-ға дейін,- деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Техникалық дайындық мақсатында 3 шілдеде сағат 19.00-ден бастап ботаникалық бақ аумағы ішінара жабылады. Бұл қоршау азаматтардың қауіпсіздігі үшін техникалық аймақ бөлімшесіне қажет. Отшашуды іргелес аумақтардан, соның ішінде «Ұлытау» скверінің аумағынан байқауға болады.

Естеріңізге сала кетейік, 6 шілде күні сағат 18.00-де EXPO аумағында Open Air мерекелік концерті өтеді. Концерт аяқталғаннан кейін дрондардың жарық шоуын өткізу жоспарлануда. Дрондар шоуының шамамен өтетін уақыты сағат 22.15-те (22.30).