Батыс Қазақстан облысында 2 жасар ұл баланы жылқы теуіп өлтірді. Бәйтерек ауданы Щапов ауылы тұрғындарының сөзіне қарағанда, жазатайым оқиға 30 маусым күні түс ауа болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Үйінің есігінің алдында жүрген баланы жылқы тепкен. Оқиғаны көрші әйел көрген. Баланы ата-анасы облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізгенімен, алып қала алмаған.
Марқұм бүгін жерленді.
Щапов ауылдық округінің әкімі Біржан Нұрбайыров пен аудандық полиция бөлімінің бастығы Төребек Маратов оқиғаның болғанын растады.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты кейін беретінін жеткізді.