«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі жұмысындағы басымдығын өзгертеді. Бұл туралы ұйымның атқарушы директоры Дидар Смағұлов айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Аталған ұйым 2019 жылы Қазақстан Президентінің сайлауалды бағдарламасын қолдау мақсатында құрылған болатын.
«Оның әділдік деп аталатын екінші бағыты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және заң үстемдігін қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін көздеді. Бір жыл бұрын Мемлекет басшысы бұл мәселеге тағы да назар аударып, Антикор басшылығымен өткен кеңесте халықтың әділдікке деген сенімі жоғала бастағанын, сондықтан оның алғашқы сайлауалды уәделерінің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес екенін атап өтті», – деді Дидар Смағұлов өзінің үндеуінде.
Оның айтуынша, 3 жыл ішінде ұйымға еліміздің барлық өңірінен шенеуніктердің қызметін асыра пайдалану мен түрлі бұзушылықтар туралы азаматтар мен кәсіпкерлерден 9000-ға жуық шағым түскен. Оның ішінде құқық қорғау органдарының көмегімен бизнесті заңсыз қудалауға әкелген жайттар болғанын атап өтті.
«Күштік құрылымдар қорқытқан табысты бизнес тек өз қызметін тоқтатып, қазынаны салықпен толықтыруын тоқтатып жатқан жоқ. Мұның салдары мыңдаған адамның жұмысынан айырылуына әкеледі. Бұл көптеген отбасы үшін жалғыз табыс көзі болатын. Сондықтан жайлы инвестициялық климат туралы айтудың өзі артық, – деді ол.
Оның сөзінше, күштік құрылымдардың қызметкерлері рейдерлікпен айналысатын жағдайлар кездеседі. Бұған ұйымға жүгінген азаматтардың шағымдары дәлел бола алатынын атап өтті.
«Сырт көзге басқаша болып көрінгенімен, шын мәнінде күштік құрылымдардың қызметкерлері бәсекелес кәсіпкерлердің қарыздарын қайтарып, оларды темір торға тоғытумен айналысатын коллекторларға немесе рейдерлерге айналып барады. Бүгінде бізде мұндай өтініштер мен шағымдар толып жатыр. Қоғамда бизнеске қысым жасау және бизнесті тартып алу құралы ескі Қазақстанның «талантты» және «өте табысты» өкілдерінің жұмысының негізгі әдісі болғанын бәрі жақсы біледі және түсінеді», – деп толықтырды сөзін.
Отандық кәсіпкерлердің елге инвестициялар мен жаңа технологияларды тартып, жаңа жұмыс орындарын құратынын және ел бюджетін толықтыратынын білеміз. Соның арқасында мемлекет халық алдындағы өзінің әлеуметтік міндеттемелерін орындай алады. Осы орайда Президентке кім көмектесіп, қолдау көресетеді? Әлбетте, біз. Сондықтан біз «Әділдік жолы» РҚБ-ның негізгі ресурстарын осы бағыт – бизнесті қорғаудағы заң мен тәртіпке салатын болады», – деді Дидар Смағұлов.
Сондай-ақ ол үндеуінде барша қазақстандықтарды бизнесті қорғап, әділетті Қазақстанды бірге құруға шақырды.
Халықтың өтінішін қабылдау үшін арнайы Zan&Tartip@adildik.kz электрондық поштасы іске қосылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.