3-4 шілде күні Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтеді. Бұл күндері жедел медициналық жәрдем станциясы, емханалар мен ауруханалар штаттық режимде жұмыс істейді.
Екі күн бойы жедел жәрдем, емханалар мен ауруханалар штаттық режимде жұмыс істейді
3,370
оқылды

Астана әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, қалалық стационарлар бұрынғыдай қала тұрғындарын тәулік бойы қабылдайды. Резервтік бейінді палаталарды бөлу арқылы шұғыл медициналық көмек көрсетуге толық дайындық қамтамасыз етілді.

Емханалар да әдеттегідей жұмыс істейді: алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары таңғы 8:00-ден 20:00-ге дейін, активтер мен қоңырауларды қабылдау 8:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейді. 

Жедел медициналық жәрдем пациенттерге көмек көрсетудің қолжетімділігі мен жеделдігін қамтамасыз ете отырып, жұмысы 24/7 жүзеге асырылады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram   арнасынан таба аласыз.